25 шілде 2022 11:30

Филиппинде мектеп бітіру рәсімінде бұрынғы мэрді атып кеткен

Сұлу Бөлек Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кадр видеодан Кадр видеодан

Филиппинде университеттегі бітіру кешінде атыстан үш адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle сайтына сілтеме жасап.


Филиппинде университеттегі бітіру кешінде атыстан үш адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle сайтына сілтеме жасап.

Шабуылшының көздегені Кесон-Сити іргесіндегі Атенео де Манила университетінің заң факультеті студенттеріне арналған бітіру кеші болған. Өйткені түлектер арасында оңтүстік Басилан провинциясының бұрынғы мэрі Роуз Фуригайдың қызы болған.

Басылым мәліметінше, шабуыл кезінде Фуригай, оның көмекшісі мен университет күзетшісі қаза тапқан. Бұрынғы мэрдің қызы жарақат алған, бірақ полицейлер қыздың жағдайы тұрақты екенін айтты. "Бұл қасақана адам өлтіру", - деп мәлімдеді полиция өкілдері.

Кейін күдікті қамауға алынған. Полиция оқиғаның себебі күдікті мен Фуригай арасындағы ұзақ уақытқа созылған сот дауы екенін айтты. Құқық қорғау органдары шабуылдаушының Чао Тиао Юмул екенін анықтады. Ол Фуригайды есірткі сатқаны және оған үш рет шабуыл жасауға тапсырыс берді деген күдікпен сотқа берген.

Оқу орнын қоршауға алған соң диплом табыстау рәсімі тоқтатылды. Жаңадан тағайындалған президент кіші Фердинанд Маркос шабуылды тез арада тергеуге уәде берді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети