25 шілде 2016 15:43

Флоридада ер адам түнгі клубтағыларға оқ атқан

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ptzgovorit.ru © ptzgovorit.ru

Флоридадағы Форт Майерс қаласының маңында орналасқан клубта болған атыстың салдарынан кем дегенде 17 адам жарақат алды, - деп хабарлайды Сbsnews.com


Флоридадағы Форт Майерс қаласының маңында орналасқан клубта болған атыстың салдарынан кем дегенде 17 адам жарақат алды, - деп хабарлайды Сbsnews.com

Атыс Club Blu клубының маңындағы көлік тұрағында басталған. Айта кетейік, күдікті жасырынып үлгерді, тағы біреуі ұсталды. Полициядағылардың айтуынша, белгсіз біреу ғимараттың ішіне кіріп, келушілерге оқ ата бастаған. Ол уақытта клубтың ішінде жасөспірімдер болған екен.

Wink News телеарнасының мәліметінше, оқиға орнында екі адам қаза тапты. Сондай-ақ, клубтың маңындағы үйлерде тұратын әйел 30-ға жуық атыстың дауысын естігенін айтты. 

Еске салайық, Орландодағы Pulse гей-клубында белгісіз біреу атыс шығарып, салдарынан 50 адам қаза тапты және 53 адам жарақат алды. Гей-клубтағы оқиға АҚШ тарихында бұрын-соңды болмаған ірі қырғын саналып отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети