15 ақпан 2018 09:41

Флоридада оқушы қырғын жасады: 17 адам қаза тауып, 50-ге жуығы жарақат алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

14 ақпанда Паркленд қалашығындағы (Флорида штаты) мектепте кем дегенде 17 адам өлтірілген. 50-ге жуық адам жарақат алған. Бұл туралы CNN округ шерифіне сілтеме жасай отырып хабарлады. 


14 ақпанда Паркленд қалашығындағы (Флорида штаты) мектепте кем дегенде 17 адам өлтірілген. 50-ге жуық адам жарақат алған. Бұл туралы CNN округ шерифіне сілтеме жасай отырып хабарлады. 

Оның айтуынша, қаза болғандардың арасында оқушылар да, ересек адамдар да бар.

"12 адам білім беру мекемесінің ішінде атылған. Тағы үшеуі далада, екеуі ауруханада. Зардап шеккен үш адам ауыр жағдайда жатыр", - деді Скотт Исраэль.

Полиция өкілдерінің мәліметінше, қырғынды осы мектепте оқыған 19 жастағы Николас Круз жасаған. Өткен жылы жігіт "тәртібіне байланысты" мектептен шығарылған екен. Оны "оқушыларға төнген қатер" деп атаған. 

Сыныптастары болса оның қару-жараққа әуес болғанын айтқан. Николас білім беру мекемесінің ғимаратына кіріп, жолықтырған адамын ата бастаған. Оның қолында AR-15 жартылай автомат винтовка мен оның бірнеше оқ-дәрісі болған. 

Полицейлер мен арнайы жасақ қызметкерлері күдіктіні екі сағаттан кейін бірақ ұстай алған. Қазір ол қамауда.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети