08 желтоқсан 2021 11:43

Forbes журналы әлемдегі ең беделді 100 әйелдің есімін жариялады

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мелинда Гейтс, Маккензи Скотт. Фото ©REUTERS, twitter.com/mackenziescott Мелинда Гейтс, Маккензи Скотт. Фото ©REUTERS, twitter.com/mackenziescott

Америкалық қаржы-экономикалық Forbes журналы әлемдегі ең беделді 100 әйелдің тізімін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Америкалық қаржы-экономикалық Forbes журналы әлемдегі ең беделді 100 әйелдің тізімін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

11 жыл ішінде алғаш рет Ангела Меркель тізімде көш бастаған жоқ, ол Германия канцлері қызметінен кеткеннен кейін тізімнен алып тасталды. Қазір бірінші орында Маккензи Скотт - Amazon негізін қалаушы Джефф Безостың бұрынғы әйелі. Сонымен қатар, ол - филантроп, жазушы және әлемдегі бай үшінші әйел. 2020 жылы ол 500 қоғамдық ұйымға 5,8 миллиард доллар бөлетінін мәлімдеді. 2021 жылдың маусымында Скотт 286 ұйымға тағы 2,74 миллиард доллар бергенін айтты.

Тізімде екінші орынды АҚШ вице-президенті Камала Харрис иеленді. Ол бірінші қара нәсілді америкалық және шығу тегі азиялық бірінші америкалық болды.

Еуропа орталық банкінің басшысы Кристин Лагард - үшінші орында. Ол осы лауазымдағы бірінші әйел, ал 2011-2019 жылдары халықаралық валюта қорының басшысы қызметін атқарған бірінші әйел болды.

General Motors компаниясының атқарушы директоры және осы лауазымдағы бірінші әйел Мэри Барра - төртінші орында. 2020 жылдың көктемінде ол Ventec Life Systems-ке аса маңызды желдеткіштерді шығаруға көмектесу үшін GM өнім желілерін өзгертті.

Америкалық кәсіпкер әрі филантроп, қайырымдылық қорының негізін қалаушы, Билл Гейтстің бұрынғы әйелі Мелинда Гейтс - бесінші орында. Мелинданың айтуынша, оның міндеті - адамдарға салауатты және өнімді өмір сүруге көмектесу, ол өз жұмысының басым бөлігін әйелдер мен қыздардың құқықтарына арнады.

Биыл тізімге жаңадан қосылған әйел - Танзанияның жаңа президенті Самия Сулуху Хасан. Ол елде коронавируспен күресуді бастаған, өйткені оның алдындағы президент вирустың бар екенін мүлдем жоққа шығарған еді.

Ал Ұлыбритания патшайымы II Елизавета 70-орында тұр. Ол биылғы жылы жұртшылық алдына аз шыққанына және беделіне нұқсан келтіретін жанжалдардың аз болуына байланысты өз орнынан айырылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети