19 қараша 2019 09:13

Францияда 300 мың үй жарықсыз қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ТАСС © ТАСС

Францияда 300 мың үй жарықсыз қалды. Елде қардың қалың жаууына байланысты ағаштар құлап, электр желілері үзілген, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.


Францияда 300 мың үй жарықсыз қалды. Елде қардың қалың жаууына байланысты ағаштар құлап, электр желілері үзілген, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Ол Дроме, Рон, Ардеч және Изре әкімшілік департаменттеріндегі электр қуатына да әсер етіпті. Өткен бейсенбіде қар қалыңдығы мен көктайғаққа байланысты аймақтың жеті департаментінде қауіптің қызғылт деңгейі жарияланған еді.

Ал елімізде 19-21 қараша күндері минус 33 градусқа дейін күн суытады. Солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде ауа температурасы -28-ден -33° аязға дейін төмендеуі мүмкін. Сонымен қатар, кей жерлерде қар, бұрқасын, қатты жел болуы ықтимал. Елдің батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарында қар, көктайғақ, тұман болады деп болжанып отыр. Бұл жерлерде ауа температурасы түнде - 7-15°С-қа дейін жетіп, оңтүстікте -3 тен 8°С-қа дейін суытады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети