Францияда атақты шіркеу өртенді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Францияда атақты шіркеу өртенді Фото: @pldelauney / Twitter

Сенбі күні таңертең Францияның батысындағы Нант қаласында орналасқан Әулие Петр және Павелдің шіркеуі өртенді, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сенбі күні таңертең Францияның батысындағы Нант қаласында орналасқан Әулие Петр және Павелдің шіркеуі өртенді, - деп хабарлайды РИА Новости.

BFMTV телеарнасының хабарлауына қарағанда, өрт жергілікті уақыт бойынша таңертең сағат 07.30-да (11.30 Нұр-Сұлтан уақыты) басталған. Әзірге өрт себебі айтылмады. Тек болжам бар.

Өрт-құтқару қызметі департаментінің директоры Лоран Ферлэнің айтуынша, өртті жүзден астам маман 45 өрт сөндіру көлігінің көмегімен сөндірген. Жергілікті уақыт бойынша шамамен сағат 10.00-де өрт ауыздықталған.

Нант прокуроры Пьер Сен өрт қасақана жасалуы мүмкін екенін атап өтті. Себебі соборда өрт үш жерден шыққаны анықталған.

Әулие Петр және Павел соборы - Франциядағы ең ірі гот шіркеулердің бірі. Биіктігі - Париж құдай аналарының соборынан алты метр қысқа. Оның құрылысы XV ғасырда басталып, 457 жыл бойы жалғасқан.

Нотр-Дам де Пари: Тағдырына бес рет қатер төнген собор

Еске салайық, былтыр 15 сәуірде Париждегі құдай аналарының соборы отқа оранды. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Париждегі Нотр-Дам соборында шыққан жойқын өртке байланысты Франция президенті мен халқына көңіл білдірді. Бүкіл әлем жұртын тарихи ғимараттың өрті бей-жай қалдырмады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети