26 шілде 2020 16:19

Франциядағы атақты шіркеуді кім өртегені белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Нанттағы Қасиетті Петр және Павел шіркеуінде жұмыс істеген ерікті соборды өртегенін мойындады. Бұл туралы Ouest France газеті жазды, - деп хабарлайды РИА Новости.


Нанттағы Қасиетті Петр және Павел шіркеуінде жұмыс істеген ерікті соборды өртегенін мойындады. Бұл туралы Ouest France газеті жазды, - деп хабарлайды РИА Новости.

Өрт 18 сәуірде басталған. Бірнеше сағат бойы жалғасқан өрт салдарынан үлкен орган жойылған. Прокуратура өрт қасақана жасалды деп күдіктенген. Келесі күні руандалық 39 жастағы ерікті қамауға алынды, ол ғибадатханада көмектесіп, өрт шыққан күні есіктерді жабуы керек болған. Кейін оған айып тағылмай, бостандыққа шығарылған.

Кеше, 25 шілдеде, ер адам екінші рет ұсталған. Тергеу судьясы оған өртті қасақана жасады деген айып таққан. 

Ал ерікті кінәсін мойындаған. Ол шіркеуді үш жерден өртегенін айтқан. Бірақ оның бұл әрекетке неге барғаны хабарланбады. 

Енді ол он жылға бас бостандығынан айырылып, 150 мың еуро көлемінде айыппұл арқалауы мүмкін. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети