11 сәуір 2022 08:54

Франциядағы президент сайлауы: Макрон көш бастап тұр

Фото: © Reuters Фото: © Reuters

Францияның қазіргі президенті Эммануэль Макрон сайлаудың бірінші кезеңі бойынша көш бастап тұр - бюллетеньдердің 90 пайызы есептелгеннен кейін ол 27,40 пайыз дауыс жинаған, - деп хабарлайды РИА Новости

Екінші орында - 24,58 пайыз дауыс жинаған Марин Ле Пен. Үшінші орында - "Непокорившаяся Франция" партиясының басшысы Жан-Люк Меланшон (20,96 пайыз), төртінші - "Отвоевание" партиясының негізін қалаушы Эрик Земмур (6,94 пайыз). Бесінші орында - Республикалық партияның кандидаты Валери Пекресс (4,76 пайыз).

Хаттаманың 45 пайызы өңделгеннен кейін де Макрон көш бастап тұр. Ол 30,41 пайыз дауыс жинаған, одан кейін Меланшон (25,24 пайыз), үшінші - Ле Пен (16,76 пайыз).

Парижде бюллетеньдердің 42 пайызы есептелгеннен кейін Макрон 38,99 пайыз дауыспен бірінші тұр. 

Президент сайлауының екінші кезеңі 24 сәуірде өтеді. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети