Франциядағы теракт: "Батаклан" театрындағы атыстың видеосы жария болды

14 Қараша 2015, 21:36
3

Париждегі "Батаклан" театрындағы атыстың видеосы жария болды. Француздың Le Monde газетінің тілшісі Даниэль Псенни лаңкестердің шабуылы кезінде көрші ғимаратта болған. Ол терезеден концерт залынан адамдардың терроршылардан қашып жатқанын видеоға түсіріп алған, - деп хабарлайды LifeNews.

Кадрлардан Париждың жарақат алған тұрғындарының театр ғимаратынан қашып жатқанын көруге болады. Көпшілігі қаза болғандардың денесін өзімен бірге алып кеткісі келеді. Бірнеше адам терезелерге жармасқан. Атыстың дыбысы естіледі. 

Ескерту! Видеода зорлық әрекеттер бар.

Еске салайық, 14 қарашаға қараған түні Франция астанасы Парижде бірнеше теракт болды. Ақпарат құралдарының мәліметінше, белгісіз біреулер ең алдымен қаладағы мейрамханалардың біріне шабуыл жасады. Сонымен қатар, Франция-Германия матчы өтіп жатқан "Стад де Франс" стадионының маңынан да жарылыстың дыбысы естілді. Соңғы мәліметтер бойынша 153 адам қаза тапты, тағы жүздеген адам жарақат алған. Сегіз лаңкестің көзі жойылғаны хабарланды.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (3)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай