01 наурыз 2021 20:39

Францияның экс-президенті 3 жылға сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Францияның экс-президенті Николя Саркози үш жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды РИА Новости.


Францияның экс-президенті Николя Саркози үш жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды РИА Новости.

Париж соты Николя Саркозиді сыбайлас жемқорлық пен ықпал ету саудасы үшін айыпты деп тапты.

2014 жылғы жағдай бойынша "тыңдау ісін" қарау былтыр қарашада басталып, желтоқсанға дейін созылды.

Қаржы прокуратурасы 66 жастағы саясаткерді төрт жылға бас бостандығынан айыруды талап етті, олардың екеуі шартты түрде. Францияның бұрынғы президенті өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарды. Сот процесі барысында ол ешқашан сыбайлас жемқорлық әрекетіне бармағанын және ешқашан қызметтік жағдайын асыра пайдаланбағанын мәлімдеді.

Саркози нақты мерзімге сотталған Францияның алғашқы экс-президенті болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети