18 мамыр 2021 16:25

Галапагос аралдарындағы ең танымал жартас құлады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Арка Дарвина. Фото: elements.envato.com Арка Дарвина. Фото: elements.envato.com

Галапагос аралдарында табиғи эрозия салдарынан Дарвин аркасы құлады. Ол әлемдегі ең танымал жартастардың бірі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Галапагос аралдарында табиғи эрозия салдарынан Дарвин аркасы құлады. Ол әлемдегі ең танымал жартастардың бірі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Галапагос аралдарын қорғау қоры Twitter-парақшасында жариялады.

"Галапагос аралдарының белгісі, Дарвин аркасы кеше эрозияға байланысты құлады. Бұл сүңгуірлер үшін ең танымал орындардың бірі саналатын", - делінген қор хабарламасында.

Көрнекті орын 234 арал мен жеке жартастар архипелагының құрамына кіретін Кулпеппер аралынан бір шақырым жерде орналасқан. Ұлыбританиялық ғалым Чарльз Дарвиннің есімімен аталған доға жанартау арқылы пайда болды және су асты жартасының шыңы. Мыңдаған жылдар бойы эрозия шыңды көпірге айналдырған. ХХІ ғасырда доға қирады.

Дарвин 1835 жылы Галапагос аралдарын зерттеген. Бұл аралдардағы бірнеше апта ғалымның эволюцияны түсінуіне себепші болған деп саналады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети