1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Жаһан

Германия Африканың екі халқына геноцид жасағанын мойындады - БАҚ 17 мамыр 2021, 09:39

Германия Намибиямен Африкада отарлау кезеңінде неміс әскери күштерінің жасаған қылмыстары үшін өтемақы төлеу туралы келісімге келді, - деп хабарлайды
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Фото: pixabay.com Фото: pixabay.com

Германия Намибиямен Африкада отарлау кезеңінде неміс әскери күштерінің жасаған қылмыстары үшін өтемақы төлеу туралы келісімге келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі жергілікті Deutschlandfunk порталына сілтеме жасап.

Басылым мәліметіне сүйенсек, құжатта Германия гереро мен нама өкілдерінің өлімін геноцид деп тануға дайын екені көрсетілген. Құжатқа Берлинде Христиан-демократиялық одағы (ХДС) партиясының бұрынғы депутаты Рупрехт Поленц және Намибияның бұрынғы дипломаты Зедекия Нгавирю қол қойған. Екі елдің сыртқы істер министрлері Намибияда шамамен екі аптадан кейін келісімге қол қоюы керек.

Сонымен қатар, Германияның федерал президенті Франк-Вальтер Штайнмайер Намибия парламентіндегі рәсімге ресми түрде кешірім сұрау үшін келеді деген келісім жасалған. Ол үшін өтемақы ретінде Германия зардап шеккен екі халық тұратын аймақтарды дамыту үшін белгілі бір сома бөледі.

Айта кетейік, құжатқа қол қою жөніндегі келіссөздер 2015 жылдан бері жүргізіліп келеді. 1904-1908 жылдар аралығында неміс отаршыл күштері екі этникалық топ арасындағы көтерілістен кейін ондаған мың адамды өлтірген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Firebase Cloud Messaging