20 тамыз 2020 10:04

Германия билігі зерттеу мақсатында тұрғындарына ақша таратады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: finance.rambler.ru Фото: finance.rambler.ru

Германия билігі тұрғындарына зерттеу аясында 1433 еуро (716 335 теңге) таратады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі DPA агенттігіне сілтеме жасап.


Германия билігі тұрғындарына зерттеу аясында 1433 еуро (716 335 теңге) таратады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі DPA агенттігіне сілтеме жасап.

Осылайша, мамандары негізгі табыстың тиімділігін зерттемек. Шараны немістің экономикалық зерттеулер институты мен "Менің негізгі табысым" қауымдастығы, Макса Планк институты, Кельн университетінің мамандарымен бірге жүзеге асырады.

Зерттеу барысында 120 адамға олардың табысының бар-жоғына қарамастан ақша беріледі. Шараға қатысушылар шығындарды есептемейді. Мамандар тек олардың ақшаны алғаннан кейінгі мінез-құлқын зерттейді. Сондай-ақ, сарапшылар 1380 адамнан тұратын топты да бақылайды. Оларға ақша берілмейді.

Зерттеу 3 жыл жүргізіледі. Шара авторларының айтуынша, әлемде осыған ұқсас зерттеулер жүргізіліпті. Алайда неміс мамандарының пікірінше, бұл жұмыстардың қорытындысы ескірген немесе шектелген.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети