1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Жаһан

Германия Ғаламдық вакциналау мен иммундау одағына 600 миллион еуро бөледі

© REUTERS © REUTERS

Германия Ғаламдық вакциналау мен иммундау одағына 600 миллион еуро бөледі, - деп хабарлайды "Хабар24".

Дереккөз мәліметінше, қомақты қаржы халықаралық ұйымға алдағы 5 жылдың ішінде берілмек. Бұл туралы канцлер Ангела Меркель мәлімдеді. Қаржы дамушы елдерде екпе салу істеріне жұмсалады дейді.

Айта кетейік, Вакциналар және иммундау ғаламдық альянсы 2000 жылы кедей елдерде екпе жүргізу үшін құрылған. Ұйым қазірге дейін 760 миллион баланы егуге көмектесіп, 13 миллион баланы өлімнен құтқарып қалды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!