25 мамыр 2022 17:46

Германия маймыл шешегі ауруына қарсы вакцинаның 40 мың дозасына тапсырыс берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Германия билігі маймыл шешегі ауруына қарсы вакцинаның 40 мың дозасына тапсырыс берді, - деп хабарлайды Reuters.


Германия билігі маймыл шешегі ауруына қарсы вакцинаның 40 мың дозасына тапсырыс берді, - деп хабарлайды Reuters.

Германияның Денсаулық сақтау министрі Карл Лаутербах ел билігі Bavarian Nordic биотехнологиялық компаниясынан вакцина жеткізуді жоспарлап отырғанын айтты.

"Егер инфекция одан әрі таралса, біз вакцинацияға дайын болуымыз керек", - деді Лаутербах.

Ол қазіргі уақытта Германияда індетті болдырмау үшін жұқтырған адамдарды кемінде 21 күн оқшаулау шаралары жеткілікті екенін атап өтті.

Роберт Кох атындағы Германияның жұқпалы аурулар институтының басшысы Лотар Вилер қазіргі уақытта Германияда бес жағдай тіркелгенін айтты.

Еске салайық, маймыл шешегі ауруының алғашқы жағдайы Германияда 20 мамырда ресми түрде расталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети