25 қаңтар 2023 17:40

Германия өз танктерін Украинаға жібереді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Танк Leopard 2. Фото:bundeswehr.de Танк Leopard 2. Фото:bundeswehr.de

Германия канцлері Олаф Шольц Украинаға Leopard 2 негізгі жауынгерлік танктерін жіберуге рұқсат берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle басылымына сілтеме жасап.


Германия канцлері Олаф Шольц Украинаға Leopard 2 негізгі жауынгерлік танктерін жіберуге рұқсат берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle басылымына сілтеме жасап.

Неміс басылымы Der Spiegel және басқа басылымдар Берлин үкіметінің Украинаға Leopard 2 танктерін жіберу туралы шешім қабылдағаны туралы хабарларды жариялады. Бұл НАТО одақтастары арасындағы мәселе бойынша ұзақ пікірталастан кейін, сондай-ақ Польша бұған дейін Берлиннен Leopard 2 танктерінің бір бөлігін Украинаға жіберуге ресми түрде рұқсат сұрағаннан кейін орындалған.

Шольцтың айтуынша, федерал үкімет Украина қарулы күштерін Leopard 2 негізгі жауынгерлік танктерімен қамтамасыз ету туралы шешім қабылдаған.

"Бұл - Германияның ең жақын еуропалық және халықаралық серіктестерімен жүргізілген қарқынды консультациялар нәтижесі. Бұл шешім Украинаны мүмкіндігінше қолдау жөніндегі біздің белгілі бағытымызға сәйкес келеді. Біз халықаралық деңгейде тығыз үйлестіру және келісімде әрекет етіп жатырмыз", - делінген Германияның Министрлер кабинеті ресми мәлімдемесінде.

Министрлер кабинетінің мәліметінше, бірінші кезеңде Германия бундесвер резервінен 14 Leopard 2 A6 танк ротасын береді. Украиналық экипаждарды дайындау Германияда тез басталуы керек. Оқытудан басқа пакетке логистика, оқ-дәрілер және жүйелерге техникалық қызмет көрсету кіреді.

Leopard 2 - бундесвердің негізгі жауынгерлік танктері. Сондай-ақ, ол Австрия, Венгрия, Польша, Түркия, Норвегия, Швеция, Швейцария, Испания, Дания, Греция, Финляндия қорғанысында бар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети