18 қараша 2019 09:35

Гонконг полициясы ереуілшілерге оқ атуы мүмкін екенін ескертті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS / Tyrone Siu © REUTERS / Tyrone Siu

Гонконг полицейлері наразылық шарасына қатысушыларды атып тастауы мүмкін екенін ескертті, - деп хабарлайды РИА Новости.


Гонконг полицейлері наразылық шарасына қатысушыларды атып тастауы мүмкін екенін ескертті, - деп хабарлайды РИА Новости.

Басылымның мәліметінше, мұның алдында ереуілшілер Гонконгтағы үлкен көпірді түгел өртеп жіберген.

Осыған байланысты құқық қорғау органдарының өкілі Луис Лау наразылық шарасына қатысушыларға видеоүндеу жолдады. Ол видеода полицейлерге қатысты зорлық-зомбылық тоқтатылмаса, тәртіп сақшылары атыс оғын қолдануы мүмкін екенін мәлімдеді.


© REUTERS

Сондай-ақ, Лау белгісіз біреулердің автомобильмен бір топ полицейді қақпақ болғанын мәлімдеді. Осы кезде полицейлердің бірі оқ атуға мәжбүр болған, көлік осыдан кейін бұрылып, жасырынған. 

Гонконг халқы Қытай билігіне неге наразы?

Айта кетейік, Гонконгта бірнеше күннен бері көлік коллапсы болып жатыр, ереуілшілер жолдарды, тоннельдерді және көпірлерді жауып тастаған. 

Жаппай ереуіл бұл елдегі экстрадиция туралы заң жобасын қарастырудан кейін, маусымда басталған. Осы уақыттан бері полиция 3,6 мың адамды ұстаған, олардың жасы 12-ден жоғары, 1,5 мың адам көшеде алған жарақатынан ауруханға түскен, 400-ден аса полицей зардап шеккен.  

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.58   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети