09 қараша 2014 20:41

Гонконгта тәуелсіз сайлауды талап етушілер шеруге шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

newsera.ru сайтынан newsera.ru сайтынан

Гонконгтағы сайлау жүйесінің демократизациясы акциясына қолдау көрсеткен жүздеген адам Бейжіңмен тікелей келіссөздер жүргізілуін талап етіп, алып шаһар орталығында шеру жасап өтті, - деп хабарлайды РИА Новости.


Гонконгтағы сайлау жүйесінің демократизациясы акциясына қолдау көрсеткен жүздеген адам Бейжіңмен тікелей келіссөздер жүргізілуін талап етіп, алып шаһар орталығында шеру жасап өтті, - деп хабарлайды РИА Новости.

Шерушілер қаржы орталығы ауданынан Гонконгтағы ҚХР орталық үкімет өкілдігі ғимаратына дейінгі аймақта сап түзеп өтті. Акцияға қатысушылардың кейбірі "Біз орталық билікпен келіссөз жүргізілуін талап етеміз" деген сөз жазылған плакаттармен жүрді. Әкімшілік ғимаратының алдында шерушілерді полиция қызметкерлері күтіп тұрды, шеру бейбіт аяқталды. Шеруге қатысушылардың нақты саны белгісіз.

Ақпарат көзінің айтуы бойынша, бұған дейін наразы топ өкілдерінің бірі әкімшілік аймақтың бұрынғы басшысы Дун Цзяньхуаға Бейжің тарапымен кездесу ұйымдастырып беруін өтінген. Наразы топ көшбасшыларының бірі Джошуа Вонг: "Егер Гонконг билігі демократизациялану қозғалысының өкілдерімен келіссөз жүргізе алмаса, неге өзіміз орталық билікпен байланысқа түсіп, қарама-қайшылықтарды азайтпаймыз?", - деді.

Айта кетейік, қыркүйек айының соңында наразыі топ Гонконгтың бизнес орталықтарына тосқауыл қоя отырып, Occupy Central акциясын бастаған болатын. Олар билік кешеніне баса-көктеп кіріп, ондаған адам қамауға алынып, бірнешеуі жеңіл жарақаттанды. Билік пен белсенділер бір-біріне тәртіп бұзу және артық күш қолдану ісі бойынша айып та тақты. Белсенділер 7 миллион тұрғыны бар Гонконгты басқаратын адамды қазіргідей екі сатылы сайлау жүйесімен емес, тікелей таңдауды талап етіп отыр. Маусым айында олар 800 мың адам қатысқан онкүндік онлайн-референдум өткізген еді. Бірақ Бейжің оны күші жоқ деп есептеді. Қазан айының соңында Гонконг әкімшілігі өкілдері мен шерушілер арасында алғашқы келіссөздер жүргізілді, бірақ ол еш нәтиже бермеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети