20 сәуір 2022 09:03

Грекия Еуроодақ санкциялары аясында ресейлік танкерді тәркіледі

©REUTERS ©REUTERS

Грекия Еуроодақ санкциясы аясында Эвбея аралындағы ресейлік мұнай танкерін тәркіледі, - деп хабарлайды Reuters.


Грекия Еуроодақ санкциясы аясында Эвбея аралындағы ресейлік мұнай танкерін тәркіледі, - деп хабарлайды Reuters.

Грек жағалау күзет мәліметінше, ресейлік ту ілініп тұрған Pegas кемесі 19 экипажымен бірге Каристос қаласының маңында тоқтатылған. 

Афинадағы Ресей елшілік өкілдері Twitter желісіндегі парақшасында істі зерттеп жатқанын және грек билігімен байланысты екенін хабарлады. 

"Ол ЕО санкциялары аясында тәркіленді", - деді грек кеме қатынасының өкілі. 

АҚШ мемдепартаментінің өкілі Америка Грекияның санкцияны жүзеге асыру әрекетін қолдайтынын мәлімдеді. 

"Біз танкерде Иранның шикі мұнайы барынан хабардармыз", - деді Мемдепартамент өкілі. Алайда ол бұл хабарламалардың қаншалық сенімді екеніне ешқандай көзқарас білдірмеді.

Грек кеме қатынасының өкілі кемедегі мұнай тәркіленбегенін атап өтті. Кемені кім жалдағаны белгісіз, бірақ кеме ресейлік "Трансморфлота" бақылауында болған. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети