15 қыркүйек 2020 12:10

Гренландиядағы ең ірі мұздық жарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: regnum.ru Фото: regnum.ru

Гренландиядағы ең ірі мұздықтардың бірінен көлемі 110 шаршы метр болатын мұздың үлкен бөлігі жарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі The Week сайтына сілтеме жасап.


Гренландиядағы ең ірі мұздықтардың бірінен көлемі 110 шаршы метр болатын мұздың үлкен бөлігі жарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі The Week сайтына сілтеме жасап.

Спутниктен түсірілген суреттер оның ұсақ фрагменттерге бөлінгенін көрсеткен.

Сондай-ақ, 79N атауымен белгілі Ниогхалвфьердс-фьорд мұздығы әлемдегі ең ірі мұздықтардың бірі саналады. Оның ұзындығы шамамен 80 шақырым, ені 20 шақырым. Ол Гренландиядағы арктикалық климатты реттеуде маңызды рөл атқарады.

Зерттеушілер ең ірі мұздықтың жарылуы климаттың тез өзгеріп жатқанын көрсететінін айтады.

"Мұндағы атмосфера 1980 жылдан бері шамамен 3 градусқа көтерілді... Ал 2019-2020 жылдары бұл жерде рекордтық жоғары температура тіркелді", - деді доктор Дженни Тертон.

Ғалымдар мұздықтың бөлігі айсберг флотилиясына айналғанын жеткізді.

Мұхиттанушылар 10-20 жылдан соң мұздықтар еріп, ортасынан жарыла бастауы мүмкін екенін ескертеді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.49   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети