Гүлнара Каримованың жылжымайтын мүлкінің суреттері жарияланды

12 Наурыз, 10:46
0
Гүлнара Каримованың жылжымайтын мүлкінің суреттері жарияланды - © РИА Новости/Валерий Левитин
© РИА Новости/Валерий Левитин

Өзбекстанның Бас прокуратурасы Өзбекстанның марқұм президенті Ислам Каримовтың тұңғыш қызы Гүлнара Каримоваға тиесілі жылжымайтын мүлік пен басқа да активтердің тізімін жариялады. Бұл туралы "Открытая Азия онлайн" тілшісі хабарлады.

Гүлнара Каримоваға тиесілі жылжымайтын мүлік:

Лондонда

Бірінші, үшінші және төртінші қабаттар - барлығы бір подъезде : 25, Chesham street мекенжайындағы төрт қабатты үй.

Гонконгта

"Арка" тұрғын үй кешеніндегі пентхаус, мекенжайы: 80A, Moon Tower, The Arch, 1 Austin Road West, Kowloon.

БАӘ-де

1. JUMEIRAH ZABEEL SARAY қонақүй кешенінде орналасқан № 31 және № 33 вилла. Мекенжайы: Crescent Road West, The Palm Jumeirah, Dubai. 36,9 миллион доллар тұрады. 

2. Bonnington, Jumeirah Lakes Towers зәулім тұрғын үй кешенінде №№ 4001, 4002, 4003 үш пентхаус. Мекенжайы: Emirates Hills First, Bonnington tower Bldg, Dubai.

3. The PALM JUMEIRAH бірінші желісінде 13,1 миллион доллар тұратын жер телімі. 

4. DUBAI MARINA ауданында орналасқан DAMAC HEIGHTS зәулім үйінде екі пәтер. Пальма Джумейра аралы көрінетін бұл мұнарада әлемдегі ең эксклюзив пентхаус, дуплекстер мен бір, екі және үш жатын бөлмелі апартамент бар.

Франция

1. Париж сыртындағы үй (шато). Мекенжайы: Château de Groussay rue de Versailles 78490 Montfort L ' Amaury. 2011 жылы маңындағы жер телімімен қоса 30 миллион еуроға сатып алынған. 

2. 2007 жылы 30 миллион еуроға сатып алынған Париждегі пәтер.

3. 2010 жылы 2,5 миллион еуроға сатып алынған Сан-Тропедегі вилла.

4. Франциядағы тағы бір вилла. 

Швейцария

Женеваның жылжымайтын мүлік тізімінде жалпы ауданы 2 473 шаршы метр жер телімі бар, онда - екі үй және үш қосалқы үй-жай (гараж, жылыжай және тағы бір шағын ғимарат) орналасқан. Швейцария баспасөз өкілдерінің мәліметі бойынша, үйдің ресми иесі Г. И. Каримова, ол екі қабатты вилланы 2009 жылы қаңтарда 18,2 миллион долларға сатып алған.

Ресей

1. Рублевский тасжолындағы үй

2. Мәскеудегі бір бөлмелі пәтер. Мекенжайы: Сивашская көшесі, 6/1 үй.

3. Ресей астанасындағы Красин көшесіндегі 21 үйдің бірінші қабатындағы үш бөлмелі пәтер.

4. Ауданы 420 шаршы метр үш деңгейлі пәтер. Мекенжайы: Мәскеу, Комсомол даңғылы, "Камелот" тұрғын үй кешені, 32-үй. 

Қырым

1. Ялтадағы пансионат. Мекенжайы: Береговое кенті, Кипарисная көшесі, 15-корпус.

2. Ялтадағы қонақүй, Кипарисная көшесі, 50 а мекенжайында орналасқан.

Өзбекстан 

Сиджак ауылындағы резиденция

Бұдан басқа, бұрынғы президенттің қызы 48 миллион долларға сатып алынған жеке ұшаққа және шетелдегі банктерде сақталған алтын құймаларға иелік етеді.

Басылым тілшісінің мәліметінше, Гүлнара Каримованың мемлекет пен Өзбекстан азаматтарына келтірген шығын сомасы - үш триллион 746,8 миллион сом. 

Өзбекстан прокуратурасы Каримованың суицид жасағанын жоққа шығарды

Бұл қаражатқа 34 мың жағдайы нашар отбасыға екі сотық жерден алуға немесе Ташкентте 10 008 пәтер сатып алуға не болмаса 12 500 шақырым ауыл жолдарын асфальттауға немесе 3 746 заманауи ауылдық мектеп салуға немесе маргарин, қоюлатылған сүт өндіретін 918 зауыт салуға болады екен.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай