11 қыркүйек 2015 | 10:37

Хиллари Клинтон Путиннің ең тартымды қасиетін атады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Владимир Путин мен Хиллари Клинтон. © Reuters Владимир Путин мен Хиллари Клинтон. © Reuters

Демократиялық партияның атынан АҚШ президенттігіне таласқан Хиллари Клинтон Вашингтондағы Брукингс институтында сайлаушылардың алдында сөз сөйлеп, Ресей президенті Владимир Путин келбетінің қай тұсын тартымдырақ санайтынын айтты, - деп хабарлайды Politico басылымы. 


Иконка комментария блок соц сети

Демократиялық партияның атынан АҚШ президенттігіне таласқан Хиллари Клинтон Вашингтондағы Брукингс институтында сайлаушылардың алдында сөз сөйлеп, Ресей президенті Владимир Путин келбетінің қай тұсын тартымдырақ санайтынын айтты, - деп хабарлайды Politico басылымы. 

АҚШ-тың экс-мемлекеттік хатшысы Ресейдің көшбасшына аса тәнті емесін мойындап, алайда оның бір қасиетін қадір тұтатынын айтты. "Путинде мені тәнті қылатын қасиет көп емес, бірақ оның орнынан тұрып: "Мен сіздердің келесі президенттеріңіз боламын" дей алатыны, білесіздер ме, өзіндік тартымдылыққа ие", - деді Клинтон қалжыңдаған кейіп танытып.

Содан кейін саясаткер салмақты түрде, "Қырым аннексиясына жауап ретінде көрсетілген белсендірек әрекетті жақтайтын адамдардың тобына жатады", - деп мәлімдеді ол. Клинтонның айтуынша, Ресейдің мақсаты "шарасыз күйге түсіру, америкалық күш-қуатты жою, сонымен қатар, мүмкін бола қалған жерде қарсы әрекет ету".

Бұған дейін Хиллари Клинтон АҚШ-ты "ресейлік президентпен және оның менмендігімен істес болғанда ақылдырақ әрекет етуге" шақырды. Сонымен қатар, ол Путинді "жай адам емес" деп атады.

Сондай-ақ, Клинтон Ресейді АҚШ үшін сыртқы саяси қауіп ретінде атады. "Біз Путиннің өзін патша сияқты ұстап, ресейлік билік моделін өзге елдерге, мысалы Сирияға үлкейтіп көрсетудің орнына, өз елін жетілдіруге шешім қабылдап, Батыс жаққа қарай мойын бұрғанын қалаймыз", - деді ол.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети