01 қазан 2022 17:11

Илон Маск адам тәрізді Optimus роботын ұсынды

Сұлу Бөлек Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Tesla Tesla

Илон Маск адам тәрізді Optimus роботын ұсынды. Оның құны 20 000 доллардан аспайтыны мәлім болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Guardian басылымына сілтеме жасап.


Илон Маск адам тәрізді Optimus роботын ұсынды. Оның құны 20 000 доллардан аспайтыны мәлім болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Guardian басылымына сілтеме жасап.

Tesla компаниясының негізін қалаушы және әлемдегі ең бай адам осындай миллиондаған роботты шығара алатынын айтты.

"Біздің мақсатымыз - пайдалы адам тәрізді роботты мүмкіндігінше жылдам жасау. Optimus-ты жақсарту және оны дәлелдеу үшін әлі көп жұмыс істеу керек", - деді Маск Калифорниядағы Пало-Альто қаласындағы Tesla кеңсесінде өткен шарада.

Ақпанда әзірленген прототип үлгісі көрермендер алдында қол бұлғап, билеу үшін сахнаға шықты. Tesla роботтың Калифорниядағы өндірістік станцияда өсімдіктерді суару, жәшіктерді тасымалдау және темір торларды көтеру сияқты қарапайым тапсырмаларды орындағаны туралы бейнені көрсетті.

Маск болашақта роботтарды үйде қолдануға, түскі ас дайындауға, көгал шабуға және қарт адамдарға күтім жасауға, тіпті адамдар үшін "дос" немесе жыныстық серіктес бола алатынын айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети