24 қараша 2020 10:07

Илон Маск Билл Гейтсті басып озып, әлемдегі ең бай адамдар тізімінде 2-орынға көтерілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

SpaceX және Tesla компанияларының басшысы Илон Маск Microsoft негізін қалаушы Билл Гейтсті басып озып, әлемдегі ең бай адамдар тізімінде екінші орынға көтерілді. Бұл туралы Bloomberg Billionaires Index (BBI) жариялаған тізімде айтылады, - деп хабарлайды РИА Новости.

Дереккөз мәліметінше, Масктың байлығы 127,9 миллиард долларға жетіп, бір жыл ішінде 100,3 миллиард долларға өскен, бұл BBI-де рекордтық жылдық өсім екен.

Билл Гейтс болса үшінші орынға түсіп қалды, оның капиталы 127,7 миллиард долларға бағаланады. Ал бірінші орында Amazon негізін қалаушы Джефф Безос тұр, оның байлығы шамамен 182 миллиард доллар екен.
 
Сондай-ақ, әлемдегі ең бай бес адамның қатарына Louis Vuitton Moët Hennessy президенті Бернар Арно мен Facebook негізін қалаушы Марк Цукерберг кірді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети