Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Жаһан

Илон Маск Twitter-ді сатып алу туралы 44 миллиард долларлық келісімді бұзды 09 шілде 2022, 12:06

Америкалық бизнесмен, әлемдегі ең бай адам Илон Маск Twitter-ді 44 миллиард долларға сатып алу келісімінен бас тартты, себебі сервис әкімшілігі
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
  • WhatsApp
  • Қате таптыңыз ба?

© Reuters © Reuters

Америкалық бизнесмен, әлемдегі ең бай адам Илон Маск Twitter-ді 44 миллиард долларға сатып алу келісімінен бас тартты, себебі сервис әкімшілігі оған жалған аккаунттардың нақты саны туралы деректерді бермеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Масктың адвокаттары Twitter-дегілер спам және жалған аккаунттардың саны туралы көп сұраққа жауап бермегенін айтты, ал бұл ақпарат платформаның бизнес әлеуетін бағалауда маңызды.

Адвокаттардың айтуынша, компания сатып алу туралы келісімнің көп ережесін бұзған. Маск өкілдерінің Twitter-ді жалған және анық емес ақпарат берді деп айыптады, соның негізінде мәміле жасау туралы шешім шығарды. Сондай-ақ, бизнесмен өкілдері бұл сервис платформада тіркелген жалған аккаунттардың санын едәуір төмендететінін айтты.

Мәміленің күші жойылған тұста Twitter акциялары алдын ала саудада жеті пайызға төмендеді.

Twitter-дің директорлар кеңесі төрағасы Брет Тейлор компания Маскты сотқа беретінін мәлімдеді. Ол әлеуметтік желі сот арқылы сатып алуға қол жеткізгізуді көздегенін, сот процесінде желінің жеңіске жететінін сеніммен айтты.

Бұған дейін келісім шарттары бойынша, Маск сатып алудан бас тартса, онда бір миллиард доллар төлеуі керек деп хабарланған.

Тesla мен SpaceX негізін қалаушы компания жалған аккаунттардың, соның ішінде боттар мен спам жіберу үшін пайдаланғандардың саны жалпы санның бес пайызынан аспайтынын дәлелдей алмаса, келісімнен бас тартамын деп қорқытқан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Join Telegram