11 сәуір 2022 10:23

Илон Маск Twitter штаб-пәтерін үйсіздерге арналған баспанаға айналдыруды ұсынды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Әлемнің ең бай екі адамы Илон Маск пен Джефф Безос Twitter штаб-пәтерінің көмегімен АҚШ-тағы баспанасыздық мәселесін шешуді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.


Әлемнің ең бай екі адамы Илон Маск пен Джефф Безос Twitter штаб-пәтерінің көмегімен АҚШ-тағы баспанасыздық мәселесін шешуді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Жақында Twitter-дің 9,2 пайыз акциясын сатып алып, компанияның директорлар кеңесіне кірген Илон Маск Twitter-дің штаб-пәтерін үйсіздерге арналған баспанаға айналдыруды ұсынды.

Кәсіпкер "әлеуметтік желінің бас кеңсесіне бәрібір ешкім келмейтінін" атап өтіп, дауыс жинауға кірісті.

Дауыс берген 1,85 миллион қолданушының 91 пайыздан астамы бизнесмен идеясын қолдаса, 8,5 пайызы қарсы болған.

Илон Масктың ұсынысын Amazon-ның негізін қалаушы Джефф Безос та қолдады.

Безостың айтуынша, штаб-пәтерді толығымен болмаса да, оның кем дегенде бір бөлігін осы мақсатқа арнауға болады. Ол жазбаға Amazon компаниясының Сиэтл кампусында үйсіздерге арналған баспананың ашылуы туралы GeekWire мақаласының сілтемесін тіркеді.

Безостың айтуынша, бұл бастама керемет нәтиже берді және ерікті болғысы келетін қызметкерлерге жұмысты жеңілдетеді.

"Тамаша идея", - деп жауап берді Маск.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети