28 маусым 2021 11:28

Илон Масктің Twitter-дегі жазбасынан кейін жаңа криптовалюта шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

@REUTERS @REUTERS

Tesla және SpaceX компанияларының негізін салған Илон Маск өзінің жаңа иті жайлы жазба қалдырып, криптовалюта нарығын дүрліктірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ixbt.com басылымына сілтеме жасап.


Tesla және SpaceX компанияларының негізін салған Илон Маск өзінің жаңа иті жайлы жазба қалдырып, криптовалюта нарығын дүрліктірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ixbt.com басылымына сілтеме жасап.

Хабарламада ол сиба-ину тұқымына жататын жаңа күшігіне есім таңдағаны жазылған. Оны Floki деп атайды. Мамырдың басында Илон Маск сиба-ину күшігін алғысы келетінін айтқан еді. Сол кезде Shiba Inu криптовалютасының акциясы бір сағатта 68 пайызға өскен.

Жұмадағы хабарламадан кейін Shiba Inu акциясы 26 пайызға көтерілгенімен, біраздан соң қайта қалпына келді. Алайда қызығы мұнда емес: Масктің Twitter-дегі жазбасынан 9 минут өткен соң Uniswap жекеленген криптонарығында жаңа Floki токені пайда болды. Бір сағатта оның бағасы 795 пайызға көтеріліп, 0,000000001100 долларға тең болды. Нәтижесінде өсім 3 500 пайызды көрсетті.

"Бұл жолы Маскты криптовалюта нарығын басқарып отыр деп айыптау орынсыз. Дегенмен оның әр хабарламасы бұл нарыққа тікелей қатысты болмағанымен, дүрліктіре алады, - деп жазылған басылымда.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.44   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети