23 сәуір 2023 15:05

Индонезияда екі жойқын жер сілкінісі тіркелді

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

tamil.oneindia.com tamil.oneindia.com

Индонезияда бірнеше сағат айырмашылықпен екі жойқын жер сілкінісі тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еуропалық Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының (EMSC) сайтына сілтеме жасап.


Индонезияда бірнеше сағат айырмашылықпен екі жойқын жер сілкінісі тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еуропалық Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының (EMSC) сайтына сілтеме жасап.

EMSC мәліметтері бойынша, жер сілкінісі 23 сәуірде Кепулауан Бату архипелагы маңында болған.

Алғашқы дүмпу таңертең ерте тіркелген, ал магнитудасы 6,1 болды. Бірнеше сағаттан кейін тағы 5,8 баллдық жер сілкінісі болды. EMSC мәліметтері бойынша, жер сілкінісінің ошағы 43 шақырым тереңде орналасқан.

Жер сілкінісінің эпицентрі Падангтан батысқа қарай 202 шақырымда, 840 мың халқы бар жерде және Париаманнан батысқа қарай 177 шақырымда, 92 мың халқы бар жерде болған.

Үнді мұхитындағы Бату архипелагына 48 арал кіреді. Олардың ішіндегі ең үлкені - Танахбала.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети