1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Жаһан

Индонезияда жойқын жарылыс болды: зардап шеккендер бар 29 наурыз 2021, 09:27

Индонезиядағы мұнай өңдеу зауытында жойқын жарылыс болып, ол алапат өртке ұласты, - деп хабарлайды Reuters.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

©️REUTERS ©️REUTERS

Индонезиядағы мұнай өңдеу зауытында жойқын жарылыс болып, ол алапат өртке ұласты, - деп хабарлайды Reuters.

Индонезияның мемлекеттік PT Pertamina мұнай-газ компаниясына тиесілі нысанда жергілікті уақыт бойынша дүйсенбі таңертең алапат өрт шықты.

Жарылыс кезінде зауыт маңында болған төрт адам зардап шеккені хабарланды. Бұл жергілікті тұрғындар, олар қарқынды терапия бөліміне жатқызылды. Бірақ қазіргі жағдайы айтылмады.  

Индонезия билігі жақын маңдағы тұрғындарды шұғыл эвакуациялап жатыр. Қазіргі уақытта зауытта өртке қарсы күрес жалғасып жатыр, төтенше жағдай орнына жүзден аса өрт сөндіру көлігі жеткен.

Жарылысқа не себеп болғаны белгісіз. Алайда жарылыс алдында мұнай өңдеу зауыты аймағында найзағай мен қатты нөсер болғаны айтылады. Кәсіпорын аумағындағы нысандардың біріне найзағай түсуі мүмкін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!