16 ақпан 2021 12:39

Индонезияда толықтай цифрлық банк пайда болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Индонезиялық Jago банкі елдегі алғашқы сандық банк құрылымына айналуды жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі The Straits Times газетіне сілтеме жасап. 


Индонезиялық Jago банкі елдегі алғашқы сандық банк құрылымына айналуды жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі The Straits Times газетіне сілтеме жасап. 

Jago директорлар кеңесінің мүшесі Аники Файзалдың айтуынша, банк цифрлық экожүйелерді дамытумен айналыспақ. Ол банк клиенттері болашақта осындай қаржылық қызметтерді пайдаланатынын мәлімдейді.

Жергілікті Gojek сандық платформасы Jago-ның 22,1 пайыздық үлесін сатып алғаннан кейін осындай жұмыс форматына көшуге мүмкіндік алған. Бұл платформаның клиенттері сандық қызметтерді ғана емес, банк шоттарын да ашып, несие ала алады. Атап айтқанда, тасымалдау, азық-түлік жеткізу, сандық төлемдер қызметтерін біріктіретін Gojek клиенттері банкте шоттар ашып, тұтынушылық несиені қолдана алады деген болжам бар. 

Бұл ретте Индонезия билігі цифрлық банктердің қызметін қатаң реттемейтінін хабарлады. 2021 жылдың ортасына қарай билік мұндай мекемелердің жұмыс істеу принциптерін жасайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети