Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.70
EUR / KZT - 389.99
CNY / KZT - 49.72
RUB / KZT - 5.59

Интернетте Непалдағы жойқын жер сілкінісі туралы жаңа видеолар пайда болды

29 Сәуір 2015, 09:53
0
© rt.com
© rt.com

Интернетте Непалдағы жойқын жер сілкінісі туралы жаңа видеолар пайда болды. Қытайдың CCTV телекомпаниясы Непалдағы қытай мейрамханасында түсірілген видеожазбаны жариялады. Видеодан мекемеге келушілердің жер асты дүмпулерін сезе сала сыртқа қарай жүгіргендерін көруге болады. Камераға еденнің қалай шайқалғаны анық түсіп қалған. 

Тағы бір видеодан жер сілкінісінің ошағынан 400 шақырым жердегі көршілес Тибетте болған жағдайды көруге болады. Тірі қалған адамдардың бірі сол сәтті ұялы телефонына түсіріп алған. Кадрда ғимараттардың қираған және адамдардың шулаған дауыстары естіледі.

Жер сілкінісі болған Катмандуда әлі де тірі адамдар табылып жатыр. Кеше, 28 сәуірде құтқарушылар қайғылы оқиға болғаннан кейін 80 сағат өткенде қиранды астынан тірі ер адамды алып шықты. 28 жастағы Риши Кханал жер сілкінісі кезінде ғимараттың екінші қабатында болыпты. Алдын ала мәлімет бойынша, оның аяғы сынған. Бұған дейін қиранды астында 50 сағат жатқан әйел құтқарылған болатын.

Еске сала кетейік, 25 сәуірде Непал территориясында магнитудасы 7,9-ға тең жер сілкінісі болды. Алапат зілзала жүздеген үй мен құрылысты бұзды. Сонымен қатар, Непалдағы тарихи жәдігер саналатын нысандаржы бүлдірді, 183 жыл бұрын салынған Джарахара ғимаратын бұзылды. Жергілікті билік өкілдерінің мәліметінше, бұл зілзала Непалда 80 жылдан бері болған ең ірі жер сілкінісі. Жер асты дүмпулері Үндістанда, Бангладеште және Тибетте сезілді.

Соңғы мәліметтер бойынша, 5 мыңға жуық қаза тауып, 8 мыңы жарақат алды. Елдің премьер-министрі қаза болған санының 10 мыңға жетуі мүмкін екенін ескертті. Бұл елде болған қазақстандықтардың ешбірі зардап шеккен жоқ.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай