Иран мен АҚШ бір-біріне шабуыл жасағанын мәлімдеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иран мен АҚШ бір-біріне шабуыл жасағанын мәлімдеді depositphotos.com

Иранның Ислам революциясы күзеті корпусы (ИРКК) зымырандар мен ұшқышсыз ұшақтарды қолданып, АҚШ-тың әскери базасы мен Бесінші флотының штаб-пәтеріне шабуыл жасағанын мәлімдеді. Сонымен қатар АҚШ-пен байланысты "Паная" кемесіне де шабуыл жасалды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.


Иранның Ислам революциясы күзеті корпусы (ИРКК) зымырандар мен ұшқышсыз ұшақтарды қолданып, АҚШ-тың әскери базасы мен Бесінші флотының штаб-пәтеріне шабуыл жасағанын мәлімдеді. Сонымен қатар АҚШ-пен байланысты "Паная" кемесіне де шабуыл жасалды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Бұл уақытта Бахрейнде дабыл сиреналары іске қосылып, тұрғындарға қауіпсіз жерлерді паналауға кеңес берілді. Кувейт армиясы ұшқышсыз ұшақтар мен зымыран шабуылдарына тойтарыс бергенін мәлімдеді.

АҚШ әскерилері өз кезегінде ирандық дрондар мен зымырандарды жойып, Иранның Кешм аралына шабуыл жасағанын айтты. АҚШ Қарулы Күштерінің Орталық қолбасшылығы (CENTCOM) америкалық күштердің Кешм аралына өзін-өзі қорғау мақсатында соққы жасағанын мәлімдеді.

"АҚШ күштері Таяу Шығыстағы Иран тарапынан жасалған шабуыл әрекеттеріне жауап ретінде Кешм аралына өзін-өзі қорғау мақсатында соққы жасады", - делінген қолбасшылықтың X әлеуметтік желісіндегі хабарламасында.

Мәлімдемеге сәйкес, соққы ирандық әскери жерүсті басқару станциясына бағытталған.

Сонымен қатар CENTCOM мәліметінше, америкалық әскерилер Кувейт пен Бахрейнге бағытталған бірнеше ирандық баллистикалық зымыран мен дронның көзін жойып, АҚШ жариялаған блокадаға қарамастан Иранның Харк аралына өтуге тырысқан мұнай танкерін тоқтатқан.

Оның алдында АҚШ қолбасшылығы америкалық Қарулы Күштердің аймақтық суларда заңды түрде жүзіп бара жатқан азаматтық теңізшілерге Иран тарапынан бағытталды делінген үш камикадзе-дронды атып түсіргенін хабарлады.

Дүйсенбі күні Тегеран Вашингтонды бітімгершілік келісімін бұзды деп айыптады, оның ішінде ЦАХАЛ-дың Ливанға жасаған соққыларын да алға тартты. Бұл ретте Иран СІМ АҚШ-пен хабарлама алмасудың ықтимал тоқтатылуы туралы ақпаратты растаған да, жоққа шығарған да жоқ.

Өз кезегінде АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен келіссөздер жалғаса беретінін айтты. Бұған қоса, Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен және "Хезболла" өкілдерімен өткен әңгімеден кейін ол Тель-Авив пен Бейруттың оқ атуды тоқтатуға ниетті екенін мәлімдеді.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 492.75   573.14   6.79 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +26
Астана +26
Ақтау +18
Ақтөбе +15
Атырау +17
Б
Балқаш +28
Ж
Жезқазған +25
Қ
Қарағанды +26
К
Көкшетау +21
Қ
Қостанай +32
Қызылорда +26
П
Павлодар +25
Петропавл +28
С
Семей +29
Т
Талдықорған +26
Тараз +31
Түркістан +17
О
Орал +26
Ө
Өскемен +29
Ш
Шымкент +27

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер