Иран мен АҚШ-тың текетіресі. Трамп не дейді?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Иран. © РИА Новости / Владимир Федоренко Иран. © РИА Новости / Владимир Федоренко

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранның Ислам революциясы күзетіндегі корпусының (ИРКК) АҚШ-тың екі әскери базасына соққы жасауына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы президент Twitter желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Lenta.ru.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранның Ислам революциясы күзетіндегі корпусының (ИРКК) АҚШ-тың екі әскери базасына соққы жасауына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы президент Twitter желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Lenta.ru.

Трамптың айтуынша, соққы салдарынан қанша адамның қаза тауып, қанша адамның жарақат алғаны анықталып жатыр.

"Бәрі жақсы! Зымырандар Ираннан екі әскери база бойынша атылды. Қазір келтірілген залалды бағалау жүріп жатыр. Барлығы жақсы жүріп жатыр! Қазіргі таңда біздің әскерилер әлем бойынша мықты жасақталған әрі ең мықты әскерилер! Мәлімдемені ертең таңертең жасаймын", - деді АҚШ президенті.

Еске салайық, мұның алдында АҚШ-тың Ирактың батысындағы Эйн-әл-Асад әскери базасына зымыран соққысы жасалғаны хабарланған еді. "ИРКК Ирактағы Эйн-әл-Асад америкалық әуебазасы бойынша он зымыран соққысы жасалғанын растайды", - делінген хабарламада. Телеарна мәліметтері бойынша, соққы - америкалықтардың Иран генералы Касем Сулейманидің өлтіруіне жауабы.

Осыдан кейін АҚШ-тың әскери базаларына соққының екінші толқыны жасалғаны хабарланған болатын. Ал кейінірек Иран осы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады. "Иран БҰҰ-ның 51-жарғысына байланысты өзін-өзі қорғау мақсатында біздің азаматтарымыз бен жоғары лауазымды адамдарға қарсы қарулы шабуыл жасалғандықтан базаға соққы жасады. Біз соғыс ашуға мүдделі емеспіз, алайда өзімізді кез келген агрессия алдында қорғаймыз", - деді Иранның сыртқы істер министрі Джавад Зариф.

Иран БАӘ мен Израильге соққы жасауы мүмкін екенін мәлімдеді

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course down  584.15  course down  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro