Иранда атып түсірілген америкалық ұшқыш Тегеранның “өзге ғаламшарлық“ қаруы туралы айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иранда атып түсірілген америкалық ұшқыш Тегеранның “өзге ғаламшарлық“ қаруы туралы айтты АҚШ Әскери-әуе күштері

Сәуірде Иран аспанында атып түсірілген америкалық F-15 жойғыш ұшағының ұшқышы Тегеранның инновациялық қаруына тап болған. Бұл туралы CNN телеарнасының сюжетінде айтылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Сәуірде Иран аспанында атып түсірілген америкалық F-15 жойғыш ұшағының ұшқышы Тегеранның инновациялық қаруына тап болған. Бұл туралы CNN телеарнасының сюжетінде айтылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Мақала авторлары 2026 жылдың сәуірінде Иран аспанында америкалық әскери ұшақтың атып түсірілгенін еске салды. Ұшқыштардың бірі сол сәтте эвакуацияланды, ал екіншісін құтқару үшін ауқымды арнайы операция жүргізілді.

АҚШ-тың арнайы жасағы құтқарып алған ұшқыш жауап алу кезінде катапульт жасау алдындағы соңғы сәттерде аспаннан өзге ғаламшарлықтар туралы фильмдердегідей ерекше көріністі көргенін айтты.

Шолушылардың түсіндіруінше, оның айғақтары құпияланған болатын, бірақ кейінірек жауап алу хаттамасы БАҚ-тың қолына түскен.

"Бір-бірімен жалғанған және тұтас бір денедей қозғалатын көптеген дрон, бұл ретте кішігірім дрондар үлкендерінің астында аяқ секілді орналасқан. Нағыз өзге ғаламшарлықтар туралы хикая", - деп телеарна әскери қызметкердің жауабынан үзінді келтіреді.

Материалда егер ұшқыштың мәлімдемесі рас болса, онда Иран ұшқышсыз аппараттарды әзірлеуде "алаңдатарлық қадам" жасаған деп көрсетілген.

18 маусымға қараған түні АҚШ пен Иран 28 ақпанда басталған әскери қақтығысты тоқтатуды көздейтін меморандумға қашықтан қол қойды. Сондай-ақ меморандумда АҚШ-тың теңіз қоршауын тоқтату және Иранның Ормуз бұғазындағы кеме қатынасын қалпына келтіру мерзімдері белгіленген.

Сонымен қатар Тегеран ядролық қаруға ие болмауға міндеттеледі, ал Иранның ядролық бағдарламасы мәселесі бөлек келісіммен реттелуі тиіс. Тараптар 60 күн ішінде осы мәселе бойынша келіссөздер жүргізеді. Тегеран үшін бұл үдерістің қорытындысы иранға қарсы санкциялардың күшін жою болуы тиіс.

Читайте также

Валюта бағамы

 486.16   555.05   6.51 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +27
Астана +25
Ақтау +26
Ақтөбе +22
Атырау +28
Б
Балқаш +26
Ж
Жезқазған +24
Қ
Қарағанды +23
К
Көкшетау +21
Қ
Қостанай +28
Қызылорда +29
П
Павлодар +21
Петропавл +28
С
Семей +31
Т
Талдықорған +27
Тараз +29
Түркістан +24
О
Орал +26
Ө
Өскемен +27
Ш
Шымкент +28

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер