25 желтоқсан 2020 08:58

Иранда COVID-19-дың жаңа штамы қайдан таралуы мүмкін екені айтылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© The Independent © The Independent

Ұлыбританияда анықталған коронавирустың жаңа штамы вакцинаны зерттеп жатқан ұлыбританиялық лабораториялардан тарап кеткен болуы мүмкін. Мұндай мәлімдемені Иран денсаулық сақтау министрінің кеңесшісі Алиреза Вахабзаде жазды, - деп хабарлайды РИА Новости.


Ұлыбританияда анықталған коронавирустың жаңа штамы вакцинаны зерттеп жатқан ұлыбританиялық лабораториялардан тарап кеткен болуы мүмкін. Мұндай мәлімдемені Иран денсаулық сақтау министрінің кеңесшісі Алиреза Вахабзаде жазды, - деп хабарлайды РИА Новости.

Басылым мәліметінше, ирандық шенеунік Twitter желісінде 23 желтоқсанда британиялық ғалыммен сөйлескенін жазған. Ғалым оған вирустың қайдан тарап жатқанын айтқан. Маманның аты-жөні жазылмаған. 

"Жағдайды ушықтырған мутация". Ұлыбританияда тарап жатқан коронавирустың жаңа түрі туралы не белгілі?

"Мен ұлыбританиялық ғалымдардың бірімен сөйлестім. Олардың бірі Ұлыбританияда вакцина әзірлеп жатқан лабораториядан мутацияланатын вирус шығып кеткенін растады. Алайда қалай тарап кеткені түсініксіз", - деп келтірді Вахабзаде сөзін РИА Новости.

Еске салайық, Ұлыбританияда коронавирустың жаңа штамы тез тарап жатыр. Вирустың бұл түрінің ерекшелігі - ол адамнан адамға 70 пайызға тез жұғады. БАҚ мәліметтерінше, COVID-19-дың жаңа штамы Ұлыбританиядан бөлек тағы бірнеше елде анықталған. Ғалымдар вирустың бұл түрі вакциналарға кері әсер етпейтінін айтады. Алайда жаңа "ұлыбританиялық" штамм балаларға қауіпті болуы мүмкін екен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети