Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Жаһан

Ирандағы Әзербайжан елшілігі жұмысын толығымен тоқтатты 30 қаңтар 2023, 09:23

Әзербайжанның Ирандағы елшілігінің дипломатиялық қызметі толығымен тоқтатылды. Бұл туралы Әзербайжан Сыртқы істер министрінің орынбасары Халаф
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

Әзербайжанның Ирандағы елшілігінің дипломатиялық қызметі толығымен тоқтатылды. Бұл туралы Әзербайжан Сыртқы істер министрінің орынбасары Халаф Халафов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Trend-ке сілтеме жасап.

"Дипломатиялық өкілдіктің әкімшілік ғимараты мен мүлкін қорғау үшін елшілікте бес адам қалады, бірақ олар дипломатиялық қызметпен айналыспайды", - деп түсіндірді министрдің орынбасары.

Еске салайық, Тегерандағы Әзербайжан елшілігіне 27 қаңтарда Баку уақытымен таңғы сағат 8:30 шамасында шабуыл болды. Шабуылшы күзет бекетінде Калашников автоматынан оқ жаудырып, қауіпсіздік қызметінің басшысы қаза тауып, елшіліктің екі күзетшісі де жараланған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Join Telegram