02 қаңтар 2018 17:46

Ирандағы жаппай ереуіл: ұсталғандар мен қаза тапқандар саны артып келеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© rusvesna.su © rusvesna.su

Бейсенбіге қараған түні Ирандағы ереуілге шыққандар мен қауіпсіздік күштерінің қақтығысы салдарынан қаза тапқандар саны 20 адамға дейін жетті, - деп хабарлайды РИА Нововсти елдің мемелекеттік телевидениесіне сілтеме жасап. 


Бейсенбіге қараған түні Ирандағы ереуілге шыққандар мен қауіпсіздік күштерінің қақтығысы салдарынан қаза тапқандар саны 20 адамға дейін жетті, - деп хабарлайды РИА Нововсти елдің мемелекеттік телевидениесіне сілтеме жасап. 

Исфахан аймағында полициця бөлімшесіне шабуыл кезінде 6 адам көз жұмған. Ереуілге шыққандар қаруланбақ болыпты. Хомейнишехр қаласында 11 жастағы қыз бен 20 жастағы жігіт мерт болған, ал Неджефабадта Ислам революциясы сақшылары корпусының мүшесі қаза болған. 

Ilna агентігінің мәліметінше, Тегеранда үш күнде 450-ге жуық адам ұсталған. "200 адам сенбіде, ал 150 адам дүйсенбіде ұсталған", - деп келтіреді агенттік Тегеран губернаторы Әли Асгар Нассербахттың сөзін. 

Мұның алдында Иранның қауіпсіздік күштері біренше адамды ереуілге шығуға үгіттегені үшін ұстағаны хабарланған. 

Иранның Тегеран, Мешхед, Исфахан мен Решт сияқты ірі қалаларында 28 желтоқсаннан бастап әлеуметтік жаппай ереуілдер басталған. Иран президенті Хасан Роухани ереуіл ел ішіндегі қиындықтар мен сыртқы күштердің арандатуынан болды деп мәлімдеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети