Иранның одақтасы Сауд Арабиясына теңіз блокадасы басталғанын жариялады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иранның одақтасы Сауд Арабиясына теңіз блокадасы басталғанын жариялады Хуситтердің өкілі Яхья Сариа. Фото: Синьхуа

Йемендік хуситтер Сауд Арабиясына қарсы "көзге көз" қағидасына негізделген теңіз қоршауын бастады. Бұл туралы йемендік "Ансар Алла" хуситтер қозғалысының әскери өкілі Яхья Сариа мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz Euronews-ке сілтеме жасап.


Мәлімдемеде бұл қадам елге қарсы "жалғасып жатқан саудиялық қоршауға" жауап екені айтылған. Сария Эр-Риядты көптеген жылдар бойы порттар мен әуежайларды жауып тастады және теңіз, құрлық, әуе шектеулерін енгізді деп айыптады.

"Біз қылмыстық саудиялық жауға қарсы теңіз қоршауын жариялаймыз. Шешім осы мәлімдеме жарияланған сәттен бастап дереу күшіне енеді", - деп келтіреді хуситтер өкілінің сөзін Reuters.

Ол хуситтер қоршауға қарсы тұруды "заңды құқық" деп санайтынын баса айтып, қозғалыс "қоршауға – қоршау, жаппай шиеленіске – жаппай шиеленіс" формуласын ұстануға ниетті екенін мәлімдеді.

Мәлімдемеде топ оқиғалардың кез келген бағытта өрбуіне дайын екені және Эр-Рияд тарапынан жағдай ушықса қатаң жауап қайтару құқығын өзіне қалдыратыны атап өтілген.

Бұл мәлімдеме өткен аптада Йеменде хуситтер мен Сауд Арабиясы бастаған коалиция арасындағы өзара шиеленістен кейін жасалды: Сана халықаралық әуежайы мен саудиялық Абха әуежайы шабуылға ұшырап, бұл тараптар арасында 2022 жылдан бері қолданыстағы бітімге қауіп төндірді.

Бақылаушылар бұл оқиғалар АҚШ пен Иран арасында қайта жанданған текетірес аясында Таяу Шығыстағы шиеленіс аймағының кеңейгенін көрсетеді деп санайды.

Маусымда хуситтер Иран жағында Таяу Шығыстағы соғысқа араласқаны және Қызыл теңіздегі Израиль кеме қатынасына толық тыйым салғаны хабарланған болатын.

Сарапшылар Қызыл теңізге шығатын аумақтарды бақылап отырған қозғалыстың теңіз қатынасын бұзуға және жағалаудағы әлемдік нарыққа күн сайын миллиондаған баррель жеткізетін саудиялық мұнай экспорттау нысандарына соққы беруге мүмкіндігі бар екенін, бұл қақтығыс ауқымының кеңею қаупін арттыратынын ескертеді.

Хуситтердің Баб-эль-Мандеб бұғазын және Иран әскерилерінің Ормуз бұғазын бір мезгілде қоршауға алуы әлемдік теңіз арқылы тасымалданатын мұнай мен газдың шамамен үштен біріне қауіп төндіреді.

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +38
Астана +23
Ақтау +27
Ақтөбе +25
Атырау +30
Б
Балқаш +26
Ж
Жезқазған +22
Қ
Қарағанды +18
К
Көкшетау +21
Қ
Қостанай +31
Қызылорда +27
П
Павлодар +19
Петропавл +32
С
Семей +36
Т
Талдықорған +31
Тараз +31
Түркістан +29
О
Орал +34
Ө
Өскемен +32
Ш
Шымкент +31

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер