05 қыркүйек 2014 10:25

"Ислам мемлекеті" содырлары 50 адамды ұрлап кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Ислам мемлекеті" содырлары Ирактың Киркук провинциясындағы бір ауылдың 50 тұрғынын ұрлап кетті, - деп хабарлайды РИА Новости жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасап.


"Ислам мемлекеті" содырлары Ирактың Киркук провинциясындағы бір ауылдың 50 тұрғынын ұрлап кетті, - деп хабарлайды РИА Новости жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасап.

Ирак полициясының айтуы бойынша, "Ислам мемлекеті" содырлары Таль-Али ауылына баса-көктеп кіріп, 50 адамды байлап, ауыл тұрғындарынан тартып алған 15 автокөлікпен белгісіз бағытқа алып кеткен. БАҚ мәліметі бойынша, содырлар ауыл тұрғындарының бірі "Ислам мемлекетінің" қара түсті жалауын жұртшылық алдында өртеп жіберген соң шабуыл жасаған екен.

Соңғы күндері Ирак әскері, шиит милиция және "пешмерга" күрд әскери жасағы бірнеше жеңіске жетіп, елдің солтүстігіндегі Амирли қаласындағы қоршауды бұзып, Салах-эд-Дин провинциясына шабуылға шыққан. Шабуыл жасауға АҚШ және Ирактың "Ислам мемлекеті" содырлары орналасқан солтүстік және солтүстік-шығыс аймақтарына Әуе қорғанысы күштерінің жасаған соққылары көмектескен. Бірнеше батыстық елдер эстремистерге елеулі қарсылық білдіріп жатқан күрд әскерлеріне заманауи қарулар жеткізіп береміз деп мәлімдеп отыр. 

Бірнеше ай бұрын "Ислам мемлекеті" тобы Иракта өз қызметін қайта жандандыра бастады. Ирак сүнниттерінің Бағдад саясатына наразылығын пайдаланған лаңкестік құрылым елдің солтүстік және солтүстік-батыс провинцияларына шабуылды бастап, кең аумақты басып алды да, оны "Ислам халифаты" деп жариялады.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети