25 сәуір 2020 09:59

Испания ғалымдары коронавирус туралы сенсациялық тұжырымдар жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Испания ғалымдары әртүрлі аймақтардағы коронавирус жұқтырған пациенттердің биологиялық материалдарына талдау жасап, вирус елге қалай келгені туралы күтпеген тұжырымдар жасады, - деп хабарлайды РИА Новости.


Испания ғалымдары әртүрлі аймақтардағы коронавирус жұқтырған пациенттердің биологиялық материалдарына талдау жасап, вирус елге қалай келгені туралы күтпеген тұжырымдар жасады, - деп хабарлайды РИА Новости.

Ақпарат бойынша, COVID-19 қоздырғышы елге басқа еуропалықтардан немесе Қытай азаматтарынан 15 түрлі жолмен келуі мүмкін. "Зерттеудің алдын ала нәтижелері жаңа коронавирустың ақпан айының ортасында елді шарлап шыққанын көрсетеді", - деп жазға El Pais басылымы III Карлос атындағы Мадрид Денсаулық институтының зерттеу авторларының сөзін келтіре отырып. 

Ғалымдар испандар жаңа коронавирустың қандай түрін және қалай жұқтыратынын анықтағысы келген. Ол үшін елдің әр аймағындағы пациенттердің тест сынамасы алынған. COVID-19 науқастарының көбінің сынама нәтижесі Шанхайда қаңтар айының соңында SARS-CoV-2 диагнозымен тіркелгендермен ұқсас болған. 

Сонымен қатар, зерттеушілердің айтуынша, коронавирустың шанхайлық түрі Испанияға Қытайдан келмеген. COVID-19-ды ең алғаш Валенсияға футбол жанкүйерлері мен ойыншылары әкелген.

Бұл тұжырымды Бергамо мэрі Джорджио Гори де мәлімдеді. Қала басшысы 19 ақпанда Миланда өткен "Аталанта" мен "Валенсия" арасындағы матч 40 мың жанкүйердің вирус жұқтыруына себеп болуы мүмкін деп айтқан. Сол кезде ойынға Испаниядан екі жарым мыңға жуық жанкүйер келген.

Қазіргі уақытта әлемде, ДДҰ мәліметтері бойынша, инфекцияны 2,6 миллионнан астам адам жұқтырған, олардың 182 мыңы қайтыс болып, 700 мыңға жуық адам емделді. Вирус жұқтырғандар мен құрбандардың ең көп саны АҚШ-та тіркелген. Испанияда бүгінгі таңда 213 мыңнан астам ауру тіркелген, 22 мыңнан астам науқас қайтыс болған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети