24 тамыз 2022 08:41

Италия жағалауында қымбат яхта суға батып кетті

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Желіде Жерорта теңізінде қымбат яхтаның суға батып бара жатқан сәті түсірілген видео тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.


Желіде Жерорта теңізінде қымбат яхтаның суға батып бара жатқан сәті түсірілген видео тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, 2007 жылы Монакода жасалған 40 метрлік Saga яхтасы Италиядағы Катанзаро теңіз жағалауынан 15 шақырымдай жерде суға батып кеткен. Видеоға яхтаны су басып, экипаж мүшелерінің құтқарылып жатқан сәті түсірілген.

Италияның жағалау күзеті Галлиполиден Милаццоға бара жатқан борттағы тоғыз адамды - төрт жолаушы мен бес экипаж мүшесін құтқарды. Яхтаның неліктен батып кеткені анықталып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети