Италияда болған жер сілкінісінен кейін 100-ге жуық адам жоғалып кеткен

24 Тамыз 2016, 15:01
0

Италияның Пескара-дель-Тронто қаласында болған жер сілкінісінен кейін кем дегенде 100 адам із-түссіз жоғалып кетті, - деп хабарлайды РИА Новости жергілікті БАҚ-тарға сілтеме жасап.

Айта кетейік, осыған дейін Пескара-дель-Тронто қаласында 10 адамның қаза тауып, 20 адамның ауруханаға жеткізілгені хабарланған болатын. Ақпарат құралдарының мәліметінше, Италияда болған жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны 14-ке жетті.

Бірінші магнитудалық сілкініс (6,0) таңғы сағат 3.36-да Риети провинциясында тіркелген. Осыдан кейін бірнеше рет жер асты дүмпулері болды. Ең қатты болған дүмпулер 4.34-те (07.36 Астана уақытымен) тіркелген. Аматриче мэрі Серджио Пироццидің айтуынша, төтенше жағдай кезінде қаланың жартысы қираған, адамдар қирандылар астында қалған. Жер сілкінісінің ошағы Аккумоли қаласының маңындағы Риети провинциясында болған.

Ал кейінірек жойқын жер сілкінісінің жаңа суреттері мен видеолары пайда болды. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай