Италияда бір тәулікте коронавирустан 350-ге жуық адам қайтыс болған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Италияда бір тәулікте коронавирустан 350-ге жуық адам қайтыс болған © REUTERS

Италияда бір тәулікте коронавирустан 349 адам қайтыс болған, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Италияда бір тәулікте коронавирустан 349 адам қайтыс болған, - деп хабарлайды РИА Новости.

Бұл туралы Азаматтық қорғаныс қызметінің басшысы Анджело Боррелли айтты.

"Өкінішке қарай, 349 адам көз жұмды", - деді ол брифингте. 

Осылайша, Италияда коронавирустан қайтыс болғандардың саны 2158 адамға жетті.

Анджело Борреллидің айтуынша, Италияда бір тәулікте вирусты 3 мыңнан аса адам жұқтырады.

Еске салайық, мұның алдында италиялықтарға коронавирусқа байланысты үйден шықпауға кеңес берілген еді.

"Ең дұрысы - үйде отыру. Италияның болашағы - біздің қолымызда. Өзімізге артылған жауапкершілікті сезінуіміз керек. Біз Ломбардиядағы жағдайға байланысты шараны бүкіл ел бойынша қолдануға шешім қабылдадық", - деген еді Италияның премьер-министрі Джузеппе Конте. 

Италиялықтар коронавирусқа байланысты жаппай азық-түлік сатып алып жатыр

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Жамбыл облысына барды
ТОП-5 алаяқтық схема

Валюта бағамы

 504.76  course up  589.73  course up  6.49  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети