1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Жаһан

Италияда коронавирус таралмаған қала анықталды

Монтальдо-Торинезе қаласы © Wikipedia Монтальдо-Торинезе қаласы © Wikipedia

Италияның солтүстік-батысында орналасқан Монтальдо-Торинезе қаласында вирустың таралмағаны анықталды, - деп хабарлайды The Guardian.

Дереккөз мәліметінше, Монтальдо-Торинезе қаласы 3 600-ден аса науқас тіркелген Турин қаласына өте жақын орналасқан.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, мұнда "ғажайып су" бар. Ол су пневмонияны емдейді дейді, яғни емдік қасиеті бар су дейді. Сондықтан тұрғындар мұнда коронавирустың таралмайтынын айтады.

Алайда қала мэрі Серджо Гайоттидің айтуынша, қаланың ауасы таза болғандықтан және алдын алу шаралары қабылданғандықтан, бұл қалада коронавирус тіркелмеген.

Соңғы мәліметтер бойынша, Италия коронавирустан қайтыс болғандардың саны 13 мың адамнан асты.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!