09 ақпан 2022 12:23

Италияда көшеде маска тағу режимі алып тасталды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Италияда жұма, 11 ақпаннан бастап көшеде маска тағу ережесі жойылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Италияда жұма, 11 ақпаннан бастап көшеде маска тағу ережесі жойылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Масканы барлық қоғамдық орындарда кию ережесі 2021 жылдың желтоқсанында елде коронавирустың омикрон штамының өршуі басталғанда енгізілген болатын.

Енді 11 ақпаннан бастап қорғаныс маскаларын тек адам көп жиналатын жабық орындарда кию талап етіледі. Жаңа ереже 31 наурызға дейін күшінде болады.

Бұл Италия үкіметінің коронавирусқа қарсы шектеулерді жеңілдетуге бағытталған алғашқы қадамы.

Айта кетейік, Италияда халықтың 80 пайызға жуығы толығымен вакцинацияланған. Соңғы апталарда вирус жұқтырғандар саны мен ауруханаға жатқызулар деңгейі азайып келеді, бірақ өлім-жітім саны жоғары.

Сондай-ақ, елде 1 ақпаннан бастап 50 жастан асқандар үшін COVID-ке қарсы вакцинация міндетті деген ереже шыққан болатын. Денсаулығына байланысты вакцинадан босатылғандарды қоспағанда, вакцина алмағандарға бір реттік 100 еуро (48 680 теңге) көлемінде айыппұл салынады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети