25 тамыз 2016 09:40

Италиядағы алапат зілзаладан 159 адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Италияда 24 тамызға қараған түні болған жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны 159-ға жетті, - деп хабарлайды РИА Новости Ansa агенттігіне сілтеме жасап.


Италияда 24 тамызға қараған түні болған жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны 159-ға жетті, - деп хабарлайды РИА Новости Ansa агенттігіне сілтеме жасап.

Франс Пресс агенттігінің мәліметінше, жоғалып кеткендердің қанша екенін анықтау әзірше мүмкін емес. Азаматтық қорғаныс ұлттық қызметінің өкілі Фабрицио Курсионың айтуынша, билік құтқару жұмыстарын үзбей жүргізіп жатыр. 

Қаза болғандардың саны бұдан да көп болуы мүмкін екен.

Бірінші магнитудалық сілкініс (6,0) таңғы сағат 3.36-да Риети провинциясында тіркелген. Осыдан кейін бірнеше рет жер асты дүмпулері болды. Ең қатты болған дүмпулер 4.34-те (07.36 Астана уақытымен) тіркелген. Аматриче мэрі Серджио Пироццидің айтуынша, төтенше жағдай кезінде қаланың жартысы қираған, адамдар қирандылар астында қалған. Жер сілкінісінің ошағы Аккумоли қаласының маңындағы Риети провинциясында болған.

Ал кейінірек жойқын жер сілкінісінің жаңа суреттері мен видеолары пайда болды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети