Измирдегі жер сілкінісі: қаза тапқандар саны артты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Измирдегі жер сілкінісі: қаза тапқандар саны артты © REUTERS/Murad Sezer

Түркияның батысындағы жер сілкінісінде қаза тапқандар саны 25-ке жетті, - деп хабарлайды РИА Новости елдің төтенше жағдайлар және табиғи апаттар агенттігіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркияның батысындағы жер сілкінісінде қаза тапқандар саны 25-ке жетті, - деп хабарлайды РИА Новости елдің төтенше жағдайлар және табиғи апаттар агенттігіне сілтеме жасап. 

"Қаза болғандардың саны 25-ке жетті", - делінген хабарламада.

Бұған дейін 12 адам қаза тауып, 522 адам жарақат алғаны хабарланған болатын.

Айта кетейік, Түркияда болған жер сілкінісінен зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ. Бұл туралы еліміздің Сыртқы істер министрлігі хабарлаған болатын. Ал Қазақстанның Түркиядағы елшілігі осы жердегі отандастарымызға көмек көрсетуге дайын екенін айтып, байланыс нөмірлерін қалдырған

Оқиғаға байланысты Назарбаев Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады.

Еске сала кетейік, кеше Измирде 6,6 балдық жойқын жер сілкінісі болды. Салдарынан теңіз суы тасып, жағалауға жақын жерді шайып өтті. Кем дегенде 20 ғимарат құлады. Түрік лирасы долларға қатысты тарихи минимумға дейін төмендеді. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети