30 қазан 2020 21:15

Түріктің Измир қаласында зілзаладан 20 ғимарат қирады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Hasan Erel Фото: Hasan Erel

Түріктің Измир қаласында жойқын жер сілкінісі салдарынан кем дегенде 20 ғимарат құлады. Түрік лирасы долларға қатысты тарихи минимумға дейін төмендеді. Сонымен бірге Грекияда да қатты жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.


Түріктің Измир қаласында жойқын жер сілкінісі салдарынан кем дегенде 20 ғимарат құлады. Түрік лирасы долларға қатысты тарихи минимумға дейін төмендеді. Сонымен бірге Грекияда да қатты жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Төтенше жағдайлар және табиғи апаттар агенттігі (AFAD) Түркияның батысында 6,6 балдық жер сілкінісі болғанын хабарлады, эпицентр Измир провинциясының Сеферихисар қаласының маңында болған.

"Әзірше бізде барлық ақпарат жоқ, біз 20 қираған ғимарат туралы ақпарат алдық. Измирдің Борнов және Байраклы аудандары қатты зардап шеккен. Әзірше бізде қаза тапқандар туралы ақпарат жоқ", - деді қала әкімі Тунч Сойер NTV телеарнасына.

Ол оқиға орнында құтқарушылар тобы жұмыс істеп жатқанын айтты.

БАҚ-та бейнебақылау камераларынан кадрлар пайда болды.

Сонымен қатар, бұқаралық ақпарат құралдарында Грекияның Самос аралында қатты жер сілкінісі болғаны туралы хабар пайда болды.

Афина университетінің сейсмикалық зертханасы 6,8 балдық жерасты дүмпулері туралы хабарлады. Жер сілкінісі Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 17.51-де болды. Ошағы Самостың солтүстік-батысынан 24 шақырым жерде, 10 шақырым тереңдікте болды. Жер сілкінісі 10 секундқа созылды.

Жер сілкінісіне байланысты Грекияның премьер-министрі Кириакос Мицотакистің телеүндеуі кейінге қалды, ол Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 19.00-де беру жоспарланған болатын.

Дүмпулер Афинада да сезілді. Карловасидегі Теотокос шіркеуінің бір бөлігі қирады. Батыс Самос қаласының мэрі Александрос Лимперистің айтуынша, қабырға құлаған кезде бір адам жарақат алған.


Фото Twitter / @HelenaDaZeus

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Түркия мен Грекияда зардап шеккен қазақстандықтар туралы әзірше мәлімет жоғын хабарлады.

"Екі елдегі дипломаттар жұмыс істеп, біздің азаматтарымыз бойынша жағдайды анықтап жатыр. Әзірше ақпарат түскен жоқ, бірақ Измир - ірі қала", - деп түсіндірді СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Айбек Смадияров.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети