02 тамыз 2021 09:18

Израиль коронавирусқа қарсы вакцинаның 80 мың дозасын жояды

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Израиль жалпы құны 6 миллион шекель (1,8 миллион доллар) болатын вакцинаның 80 мың дозасын жояды, - деп хабарлайды The Times of Israel.


Израиль жалпы құны 6 миллион шекель (1,8 миллион доллар) болатын вакцинаның 80 мың дозасын жояды, - деп хабарлайды The Times of Israel.

Басылым мәліметінше, препарат дозалары жарамдылық мерзімі өтіп кеткендіктен жойылады. 

Ведомство өкілдері құпия келісімге қол қойғандықтан вакцинаның нақты санын айта алмайтынын хабарлады. 

"Израиль өнімнің жарамдылық мерзіміне назар аудара отырып, вакциналар қорын басқарады. Мемлекет құпиялылық туралы келісімдерге қол қойды және вакциналардың нақты санын жариялай алмайды", - делінген елдің Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.

Нақты қандай вакциналар жойылатыны белгісіз. Белгілісі - Израильде Pfizer америкалық корпорациясының вакцинасы қолданылады. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети