20 тамыз 2019 10:01

Израиль премьері жұбайының украиналықтарды ашуландырған әрекетін түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нетаньяху мен жұбайы ұшар алдында. Фото: Амос Бен-Гершум, ЛАА Нетаньяху мен жұбайы ұшар алдында. Фото: Амос Бен-Гершум, ЛАА

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху өзінің бейнеүндеуінде жұбайы Сараның әрекетін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху өзінің бейнеүндеуінде жұбайы Сараның әрекетін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Украинаға сапары барысында премьер-министр мен оның әйеліне үш қыз нан мен тұз ұсынып, қарсы алған. Бұл дәстүрді білетін үкімет басшысы нанды үзіп жеген, бірақ Сара нанды жерге тастай салған болатын. Нетаньяхудың айтуынша, оның жұбайы Украинаны кемітіп не оған құрметсіздік танытқысы келмеген. 

"Ол Украина ұлттық түстеріне сай киімді әдейі таңдады. Ұшақтан сары мен көк түсті киіммен шықты. Бұл Украинаға деген құрметін білдіреді", - деді үкімет басшысы. 

Оның сөзінше, осы нанға қатысты оқиға болмаса, БАҚ осы сапарын жазбас еді. 

"Еркін сауда-саттық аймағы жайлы, Украинаның Иерусалимдегі өкілдігі жайлы келісім, басқа да маңызды жетістіктер әкелген сапарға осылай ғана назар аударта алсақ, бәрі солай болсын", - деді Нетаньяху. 

Израиль премьер-министрі Иерусалимге жақында жапониялық әріптесінің келгенін еске алды. Оның сөзінше, сол кезде журналистер екі басшының үстеліне туфли секілді жасалған тағам әкелген соң ғана кездесу жайлы жаза бастаған. 

"Біз назар аудартатын тәсілді тапқан секілдіміз. Жалғастырамыз", - деді Нетаньяху. 

Естеріңізге салсақ, оқиға 18 тамызда Борисполь әуежайында болған. Нетаньяхулар Киевке қонып, ұшақтан шыққанда оларды украиналық дәстүрде үш қыз нан мен тұз ұсынып, қарсы алған. Үкімет басшысы нанды үзіп жеп, тағы бір бөлігін жұбайына берген, сөйтсе Сара нанды жерге тастай салған. Премьер-министр жұбайының бұл әрекетін украиналықтар сынға алған болатын. 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети